Әр әні хит болатын Ерке Есмаханның саясатқа кетуі мүмкін бе?!
Елдегі танымал адамдардың саясатқа баруы таңсық дүние емес. Әрі олардың саяси науқандарда белсенділік танытып, үн қосатындарын жиі көріп жүрміз. Солардың бірі - Ерке Есмахан.
Жақында Парламенті мәжілісінің депутаттарының тізімі шыққаннан кейінгі Еркенің желідегі "Депутат боп кетсем бе екен. Әлде әнімді айтып, өйстіп суретіме түсіп, гивімді ойнатып жүре берейін ба?!" деген жазбасы көпшіліктің қызығушылығына түрткі болған.
Оның бұл жазбасын оқыған оқырмандар "Жоқ-жоқ ол қайда? деп әніңді айтып жүре бергенің дұрыс шығар. Депутат болсаң ешкім шаруаны шешпей, нақты мәселені ысырып қойып, азанда жұмысқа келгеннен жұмыс уақыты біткенше сенің түріңе, майысып жүрген жүрісің мен отырғаныңа, сызылып сөйлегеніңе, кірпіктеріңді қағып қараған көздеріңе қарап отыра беріп 1 күннің қалай өтіп кеткенін байқамайда қалатын шығар?!" деп күліп, оның әншіліктен кетпеуін қалаған.
Ал, сіз жұлдыздардың депутат болуына қалай қарайсыз?