"Күйеуге шыққаны рас болды ғой" , - дейді оқырман.
Кеше ғана Ерке Есмаханның тұрмысқа шығуы туралы жазып едік. Бүгін әнші өзінің тағы да ана атанғысы келіп жүргенін аңғартып қалды.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Бала туатындарға 4 миллион теңге беретін болды ма? Жаңалықтардан оқып едім. Беретін болса, бала туып әрі 4 миллионды болып қалайын деп едім ғой. Концерт, той жоқ бәрібір" деп жазды.
Бұл жазба арада 10 минут етпей-ақ, 5000 жуық лүпіл мен 300 жуық пікір жинаған. Оқырмандары оның жазбасына риза болып, ниетіне жетуіне тілектестік білдіріп жатыр.