Әндерімен бірге жеке өмірі де хитке айналып кететін жұлдыздардың бірі - Ерке Есмахан. Әнші сәбилі болуды қалайтынын айтты. Бірақ әзірге некеде емес екенін де жасырмады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
Оқырмандарының жиі қойылатын сұрақтарының бірі "Аяғыңыз ауыр ма?" екен. Ол сұраққа әнші заңды түрде үйленбегенін, тек сүйіктісі екеуі бірін бірі тану үшін кездесіп жүргендерін жасырмаған.
Сондай-ақ әнші күйеуге шықса жоспарларының да көп екенін айтады. Әрі сәбиден де үмітті екенін жазған.