Ерке Есмахан жартысын іздеп жүргендерге өз ойын айтты.
Танымал әнші Ерке адамдар жартысын, сыңарын табуы үшін алдымен өзі бүтін, гармониядағы адам болуы керек деп есептейді екен.
Ол туралы әнші өзінің парақшасына "Адам бір бүтін болу үшін екінші жартысын табу керек дейді. Екі жарты - бір бүтін деген тіркестегідей... Меніңше, адам өзі толық бір бүтін адам болу керек. Ішкі әлемімен үндесіп, сыртқы келбеті, сөзі, ақылы, тәртібі бәрі үйлесім тауып, гармонияда болса, нағыз бүтін болады. Осындай адам өзгені де сүйіп, бақытты етіп, өзі де бақытты бола алады. Бәрін өзімізден бастайық. Жартымызды іздемес бұрын "бүтін адам" болайық. Дұрыс па, қалай?!".
Еркенің мұндай пікірін естіген жанкүйерлері өзара пікір таластырып кетті. Өйткені бір бөлігі Еркенің ойымен келіссе, тағы бір тарап адамдар бірге жүрген кезде өcіп, бірін-бірі толықтыратынын айтады.
Бұл жерде бір жақты пікір айту қиын сияқты. Сіз қай пікірге қосыласыз?
Фото: erke_esmahan