Индира Расылхан: "Күйеуіме "мама" болып кеткен едім"

0
719

Белгілі әнші Индира Расылхан "измена" туралы айтты.


Индира Расылхан:

Елдің сүйікті әншісі, қазір мотиватор-психолог болған Индира Расылхан оқырмандарына "измена" себептерін айтты.

“Біріншіден, күйеуіңізге қатты беріліп, ішіне кіріп кетуіңіз ғана қалды. Екіншіден, бала-шаға деп өзіңізді ұмыттыңыз. Үшіншіден, күйеуіңізді меншіктеп алғансыз. Төртіншіден, телефон, сериал, құрбыларыңызбен әңгіме, біреуді талқылау (оймен болса да) мойындау керек. Одан кейін сіздің өміріңізге келген әйел, сені өзгертуге келді! Айбааай! Жестка ма?" - дейді әнші.

Десе де ол өмірдің парадоксы дейді.

Одан кейін "Біріншісін талқылайық, күйеуіңізге қатты берілу дегеніміз не? Сол жігіттің артынан кетіп бара жатқан кезде ең бірінше не ойладыңыз? Әрине, “бақытты боламын, қолдау көрсетемін, ол мені сүйеді, мен де оны сүйемін, барымды жасаймын” дедіңіз. Қолдау мен қамқорлықты шатастырып алдыңыз. Қамқорлық тек балаға жасалады. Күйеуіңізге “мама” болып алдыңыз”, – деген әнші бір кездері өзі де күйеуіне "мама" болғанын жасырмаған.