«Ішіп алған, бағынбайтын жолаушы»: Стюардесса Айгүл Елшібаеваға жала жапты

0
1 930

«Аir Astana мені қылмыскердей қаралады», - деп күйінеді әнші.


«Ішіп алған, бағынбайтын жолаушы»: Стюардесса Айгүл Елшібаеваға жала жапты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Аir Astana әуе компаниясының ұшағында келеңсіз жағдайға тап болды.

Аir Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан Айгүл Елшібаеваны мас болып, шу шығарды деп, сотқа берген. Ал әнші бұны жала деп отыр. Оның айтуынша, Алматыға ұшқан сапарында қазақ тілін білмейтін стюардесса «Орындығыңды түзе!» деп бір, «Жабық терезені аш!» деп екі мазасын алған. Ал ұшақтың орындығы ақауы бар болып шыққан. Ал стюардесса орыс тілінде мазасын ала берген соң «Қақылдап қоймады ғой, қанды ішіп, мына қыз, ұйықтап жатқанда» деген сөзі үшін «Я буду на вас жаловаться» деп шығыпты. Сөйтіп, ұшақ жерге қонып, борттан шығып келе жатқанда әлгі стюардесса 4 полицеймен бірге күтіп алыпты. Сөйтіп, «Мына стюардесса «ішіп алған, бағынбайтын пассажир» дегесін 4-еуміз шықсақ деп қарап тұр. Күлейін бе , жылайын ба?» дейді әнші.



Аталған оқиғаға белгілі заңгер, қорғаушы Абзал Құспан араласты. «Іс алмаймын десем де, бұл жолы араласуға тура келді. Айгүлді ішті деп жала жапқыш Аir Astana, ендігі ісім сенімен болсын!» деп жазды қорғаушы.