"Қабырғама бір-екі ауыз сөз айтқым келді": Сүйіктісінің сөзін естіген Ерке Есмахан көзіне жас алды

0
6 998


Әдемі хиттердің орындаушысы Ерке Есмаханның жас жігітпен көңіл қосқаны ел аузынан түспей жүр. Дегенмен олар ресми түрде жариялаған жоқ, бірақ бірге екендерін де жасырмайды.

Кеше отындық бағдарламалардың бірінде Еркенің сүйіктісі қатысты, ал ол бағдарламада әнші қыз әділ қазы болып отыр еді. "Ninety One" тобының солисті болған Эйзи бағдарламаға панданың киімін киіп келген. Ал оны Ерке танымай қалды және онысы үшін кешірім сұрады.


Өз кезегінде Эйзи да оған әзілдеп, "Бағдарламаға келу себебім, қабырғама бір-екі сөз айтып кетейін дегенмін" деді. Мұны естіген жұптың өнердегі әріптестері оларға арнап ән айтты.

Бұл видео желіде кең тарап кетті, оны көрген оқырмандар түрлі пікірлер жазуда. Бір бөлігі жастарға жақсылық тілеп, олардың бақытты болуын қаласа, екінші бір тарап Эйзи кейін жас қызға кетіп қалмай ма деп алаңдауда екен.