Қайрат Нұртастың әйелі гүл сатумен айналыспақ

0
956

"Қайратсыз ақ жерде калмайтын кыз ғой, өте әдеміііі" - деп жазды желі қолданушысы.


Қайрат Нұртастың әйелі гүл сатумен айналыспақ

Соңғы жылдары белсенді бола бастаған Жұлдыз Абдукаримова жақында ғана өзінің киносын жарыққа шығарған еді. Артынша өзінің бизнес әлеміне келгенін хабарлады. Хит әншінің жары енді гүл сатумен айналыспақ, бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Жұлдыз Абдукаримова: "Менің кемем өрге жүзсе, бірге қуанатын құлазыған сәтте демеу болатын жұлдызды оқырмандарым!

Таааа-дааааам! Менің келесі жаңа жобамды қабыл алыңыздар Қымбаттыларым, Гүлдер салонын аштым?
Жаратқаннан кейінгі халықтың, яғни сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңызға бөленіп , біраз белестерді бағындырудамын, шүкір! Гүл табиғаттың бір бөлігі. Сүйсіндіре отырып, түрлі сезімдерге бөлейді.
Ал, әйел адамы Сырт көзге қанша қайсар, жаужүрек көрінгенімен, жаны мен табиғаты жауқазындай нәзік, талдырмаш келеді. "Rich flowers" - менің жан дүниемнің бір бөлшегі. Себебі, біздің жобамыздың басты миссиясы - бақытты әйел.
Нәзік жандыларды махаббат пен қуанышқа бөлеу. Осы орайда әр әйелдің жүзінен күлкі, жүрегінен тыныштық, көздерінен от көру. Себебі, әр әйел - бақытты болуға лайықты.
Ал гүл алған адамның көңіл-күйі қуанышқа толып, эндорфин, дофамин, окситоцин гормондары бөлінеді! Ал мен өз кезегімде сіздерге деген махаббатым мен сыйластығымды хош иісті гүлдер арқылы жеткіземін".



Актрисаның бұл бизнесін қолдағандар да, ішінде даттағандар да табылыпты. Кейбірі "Әйел адам күйеуінің жағдайын жасап, балаларына қарап үйде отыру керек" десе, екінші тарап оның жан-жақтылығына тәнті болған.