Белгілі ақын Мерей Қарт о дүниеге сенбейтінін айтып, желі оқырмандарының сынына қалды. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтқан.
Жүргізушінің "Жұмақ пен тозақ - миф" деген сөз аузыңыздан шығыпты. Шынымен солай ойлайсыз ба?" деген сұрағына ақын:"Мәшһүрді, Шәкерімді толықтай болмаса да, бір адамдай оқығанмын. Сондықтан Жаратушының бар екеніне күмәнім жоқ! Бірақ адам жүрегімен өмір сүруі керек. Одан кейін биологиялық процесстің, яғни адамның дүние салатынын білеміз.
Шәкәрім атамыз: "Тәніміз топырақ пен судан, Жанымыз күннен келген нұрдан" дейді. Адам жанының қайда қонақтайтыны, қайда өмір сүретіні беймәлім"-, дейді.
Сонымен қатар, ақын: "Меніңше осы өмірде әйелің, отбасың, маңайың жақсы болса, жақсы орта қалыптастыра алсаң - жұмақ. Өз өміріңді өзің жасайсың! Меніңше, дінде айтатындай самсап тұратын халва, ағып жататын кәусар бұлақтар, қаптап жүретін хор қыздары сияқты дүниелер мифология деп ойлаймын" деген.
Ал "Демек, ол жақта 77 пәк қыздар күтіп алады деген өтірік әңгіме ме?" деген сұраққа "Ол да бір нәпсінің әңгімесі ғой. Сондықтан сене бермеймін" деп ойын түйіндеген.
Бұл видео желіде жылдап тарап, оқырмандардың ашуын тудырғанын байқау қиян емес. Өйткені видеоға жазылған пікірлердің басым бөлігі сондай ауанда.
Мысалы, бірі "Екі атеист әңгімені жіберіп отыр", келесісі "Осы кісіні Семейде оқып жүргеннен танимын.Алла кешірсін бірақ ұнамайтын сол кезден.Тәкаппар еді бір сырттай қарап қалғанымда", үшінші біреу "Мумкін намаз оқыса сенетін шығар,Алла кешірімді, тәубесіне келген әрбір жанды кешіруші. Пайғамбарымыз (с.а.у) өз көзімен көрді делінген. Алланың өзі де рас,сөзі де рас,бізге жұмақ уәде етілсе,демек ол бар деген сөз" деген сықылды пікірлер қалдырған.