​«Қара мыстан сияқты»: Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаеваның образын көпшілік сынап тастады

0
15 569

«Әркім немен айналысатынын өзі шешкен дұрыс!»


​«Қара мыстан сияқты»: Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаеваның образын көпшілік сынап тастады

Күні кеше елге танымал сынықшы, блогер Айнұр Асқарқызы қызына тұсаукесер той жасады. Той иесі қонақтарға дресс-код ретінде қара түсті ұсынған. Елге белгілі әншілер, өнер адамдары бұл күні түгелдей қара киініп, тойға келді.


Десе де көп қонақтың ішінен айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаеваның образы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ол бұл тойға Түркиядан арнайы келген екен.


«Маңғыстаудың мақтанышы! Керемет тойға арнайы келіп, қуанышқа ортақтасып қайттым... 400 адамның 350-імен суретке түстім. Ал сіз жақында кімнің тойына барасыз? Белгілеп кетіңіз, біліп отырайық...» деп әзілдеді ақын.


Ал желі қолданушылары Айнұрдың қара орамалына шүйлікті. «Негізі бағытыңыз дұрыс, коучпен айналысқанша сол шәйіңіз дұрыс-ау. Елге пайдасы бар, тағы да басқа мини-фабрикалар ашсаңыз. Мысалы, аяқкиім тігетін, мата шығаратын зауыт-фабрикалар керек», «Неге қап-қара боп киініп алғансың? Бұрынғы айтысқа шығып жүргендегі киімің әдемі еді. Қазіргі түрің қорқынышты, қара орамал тақпашы», «Айтыскер, әдемі, халқы сүйген Айнұр қайда? Мынау форма ыңғайсыздау екен, «қара мыстан» секілді...», «Той иесі де қызық, қуанышында бәріне қара жамылдырғаны несі?», «Осы образ сізді сұлу етіп көрсетіп тұр» деп жазды көпшілік.


Ал ақын өзін сынаған, «коуч болма» деп ақыл айтқан оқырмандарына «Әркім немен айналысатынын өзі шешкені дұрыс-ау осы» деп бір ауыз сөзбен жауап берді.