«Қатынын қазақша сөйлете алмаған ез»: Желідегілер әнші Бүркіттің әйелі Аишаның орысша сөйлегеніне қадалды

0
10 335

«Енесі де екіжүзді екен»


«Қатынын қазақша сөйлете алмаған ез»: Желідегілер әнші Бүркіттің әйелі Аишаның орысша сөйлегеніне қадалды

Отандық эстрадалық жұп Бүркіт пен Аиша лақап атымен танылған Айбек Жансейтов пен Аиша Жансейтова «Таңшолпан» және «Түнгі студия» бағдарламаларында қонақта болып, жаңалықтарымен бөлісті. Сонда қос бағдарламада да Аиша сұрақтарға орысша жауап беріп, соңынан қазақ тілінде ән шырқады. Мұны көрген желідегілер әншінің бұл әрекетін екіжүзділікке теңеді.


Белгілі қаламгер, жазушы Момбек Әбдәкімұлы осы көріністі көріп, қанының қайнағанын жазды.

– Дәл қазір "Таңшолпан" бағдарламасында Бүркіт пен Айша сұхбат берді. Онда тұрған не бар дейсің ғой. Бары сол - жүргізушінің сұрағының бәріне Айша орысша жауап беріп отырды. Ол, немене, қазақша білмей ме, әлде оның бұл қылығы тәлпіштік пе? Тағы артынша қазақша ән салды. Сонда өз тілінде сөйлемейтін оның әні кімге керек?!. Ой, қанымның қайнағаны-ай... – деді жазушы.



Желідегі өзге оқырмандар әйелін қазақша сөйлете алмаған Бүркітті кінәласа, тағы бірі оның анасына тиісті. «Өзі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі бола тұра келініне қазақша үйретпеген екіжүзді екен» десті.


«Ұлттық рухы болмаса, қалған тірлігінің бәрі далбаса», «Несіне ренжисің, өз ұлты өзбек тілін білмейтін адам қазақ тілін неғылсын? Бірақ Қазақстанда тұрады, қазаққа тұрмысқа шығады, сөйте тұра оған мән бермейтін мәңгүрт қой ... Оның салған әні кімге керек?!», «Әйелін қазақша сөйлете алмаған Бүркіттің өз ана тілін сыйламайтындығы және әйеліне сөзі жүрмейтіндігі көрініп тұр ғой», «Бүркіт емес шымшық! Шегіртке дегенде шырылдап еді қатынын өз тілінде сөйлете алмаған ер ме әлде ез бе...», «Бүркіттің анасы белгілі ақын, қазақ тілі мен әдебиетінің маманы», «Енесі ақын, қазақ тілі мен әдебиетінің маманы екен. Бізде қандай екіжүзді мұғалімдер бар. Жұрттың баласына қазақша оқытқан боп айлық жалақы алады екен де өз келініне қазақша үйретпейді екен. Яғни, олар өмірде бір-бірімен құлдың тілінде, басқыншылардың тілінде сөйлесетін болып тұр ғой. Ақын дейт, ақын болмай кеткір екен, ақындық та қонатын адамын тауыпты», «Бүркіттің намысы жоқ екен ,әйелі қазақша білмесе балалары да болашақта дүбәра болып шығары анық» деп жазып жатыр.