«Қазақ жігітіне мүлдем қарама-қайшы» : Қаранәсілдіге тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің қандай екенін айтты

0
2 272

"Ол ешқашан үйде отыр, ешқайда шықпа, анамен араласпа, мынамен араласпа деп айтқан емес. Керісінше, адамдармен аралас, достарыңмен жолық деп отырады".


«Қазақ жігітіне мүлдем қарама-қайшы» : Қаранәсілдіге тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің қандай екенін айтты

Нигериялыққа тұрмысқа шыққан маңғыстаулық желідегілердің «Нигериялық ер адамдар қандай?» деген сауалына жауап берді.

- Менің күйеуім ешқашан менсіз бірінші болып кіре алмайды [көлік, үй, мейрамхана, бөлме және т.б.].

- Ол маған ауыр зат көтеруге мүмкіндік бермейді. Кейде менің сөмкемді ұстап көзге тез түседі [елестетіп көріңізші, әйел сөмкесін ұстаған ер адам]

-Ол өте мұқият. Мен шашымды ауыстырғанда немесе жаңа зат сатып алсам да, маникюр жасатсам даол әрқашан комплимент айтып отырады [мен мысалдарды бейнелі түрде жеткізіп отырмын].

-Ол асханадан шықпайды, үстел жинасуға, ыдыс жууға көмектеседі. Кейде маған оған көмектесуге мүмкіндік бермейді, «қасымда отырсаң болды» деп айтады. Үйді де маған қарағанда жақсы тазалайды. Менің пісірген тамақтарыма ризашылығын білдіріп, бетімнен сүйіп алғыс айтады. Өзі де тамақты дәмді етіп дайындайды. Кейде жұмыстан шаршап кеп тамақ дайындамағаным үшін түсініспеушілік болған емес.

- Ол үнемі «Сорри!» дейді. Мен кездейсоқ саусағымды ұрсам – «Сорри», жөтеле бастасам – «Сорри!» Басында бұл қылығы біртүрлі боп көрінді. Тіпті аздап ашуландым да. Ал қазір мен «Сорри!» деп айтамын.

-Ол ешқашан үйде отыр, ешқайда шықпа, анамен араласпаңыз, мынамен араласпа деп айтқан емес. Керісінше, адамдармен аралас, достарыңмен жолық деп отырады.

- Мен ауырған кезде сорпа жасайды, дымқыл сүлгіні майдайыма басып бәйек болады.

-Мен қандай ашуға берілсем де, ол барынша сабырлық танытады. Мен дауыс көтере бастасам ол құшақтап, «Ок, ок» дейді. Кейін сәл тынышталған соң ақырындап әңгімелеседі. Оның салқынқандылығынан мен де эмоцияларымды тежеуді үйрендім.

-Ол жәй ғана сүйкімді адам.

Заиданың бұл жазбасына инстаграмдағы оқырмандар пікір жазуға қызу кірісіпті. Әсіресе қыздар жағы белсенді. «Американдық кинодағыдай екен, маған да біреуін дайындап қойсыншы», «Бір-бірін жақсы көрген және құрметтеген кезде нағыз бақытқа бөленеді», «Нигер болса да, ақылды десеңші» деген сияқты пікірлер жазылуда.