Хиджабтағы қыз іздеген Дәуреннің бұрынғы әйелі Ақбота-Нұр образын өзгертті

0
6 210

Хиджабқа көшкен Ақбота-Нұрды Мөлдір Әуелбекова құттықтады.


Хиджабтағы қыз іздеген Дәуреннің бұрынғы әйелі Ақбота-Нұр образын өзгертті

Ақбота-Нұр мен Дәурен Айдарқұловтың махаббат хикаялары көпшіліктің көз алдында өтіп жатыр. Олардың осы кезге дейін бірнеше рет ажырасып, қосылғаны да белгілі. Жақын күндері олардың бөлек кеткені туралы ақпарат тараған.

Тіпті Дәурен Айдарқұлов сұқбат беріп, үшінші рет хиджабтағы қызға үйленетінін айтқан еді. Көп ұзамай-ақ Ақбота-Нұрдың оранғанын байқадық.


Әнші өзінің инстаграм парақшасындағы барлық суреттерін өшіріп, тек орамалды суреттерін жариялаған. Мұны көрген оқырмандардың пікірі екіге жарылып жатыр. Бір тобы әншіге қолдау көрсетсе, көп бөлігі оның бұл таңдауын түсіне алмаған. Олар "Дәурен үшін орандың ғой", "Одан да балаларыңа қарашы" деген сынды пікірлерін жазып жатыр.