"Кім тақты?": Мөлдір Әуелбекова Инстаграмда бұрынғы суреттерін өшіріп тастаған

0
3 050

Оқырмандарды әншінің оранып алғаны мен қолындағы сақинасы ойландырып қойды.


Карантин кезі Мөлдір Әуелбекова үшін жағымды жаңалығымен мәңгі есте қалды. Соңғы уақытта өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісімен қол ұстасып түскен сурттерін жиі жариялап жүрген еді. Өткен жазбаларының бірінде ол тұрмысқа шығатынын айтып көпті таңғалдырды.

Әншінің өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алғанын оның Инстаграм парақшасынан аңғаруға болады. Өмірінің жаңа кезеңін ақ парақтан бастағысы келді ме, әйтеуір жеке парақшасындағы суреттерінің барлығын өшіріп тастаған. Оның парақшасынан тек ормалды Мөлдірді ғана көре аламызү

Әншінің оқырмандары бұл жайттардың астарында не бар екенін біле алмай дал болуда. Олар сүйікті әртісінің парақшасын жіті тексеріп, соңғы фотосынан сақина тағып алғанын байқап қалған.

"Қолдағы сақинаны байқадыңдар ма?" , "Орамал таққан жарасады екен" , "Парақшаңыздағы суреттер қайда кеткен?" , "Неге бәрін өшіріп тастадыңыз? Ғашығыңыз қарсы ма?" , "Отбасын құрайын деп жүрген секілді" , "Намазхан жігітке тұрмысқа шықтыңыз ба?" , "Сақинаны кім тақты" , - деп сұрақтың астына алды әншіні.




Оқи отырыңыз: "Сізді біреу қинады ма?": Тұрсынбек Қабатов лотереяға қатысқан халықтың өзіне кінә тақты