"Кім ұқсын менің күйімді...": Ерке Есмахан Оралда неке қидырғанын айтты

0
20 674

Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісті.


Әлеуметтік желіде махаббаттары туралы жазған ол осы уақытқа дейін айтылған барлық әңгімелерге нүкте қойылғанын айтты. Осы жағдай екі жастың махаббатын одан сайын күшейткенін жазды.


Ерке Есмахан ақ некесін Орал қаласында қидырғаны туралы оқырмандарына жариялады. Бұл туралы өлең жолдарымен жеткізген.


"Бақ тілеп біреу сүйінді,

Ғайбаттап біреу күйінді...

Адамды Алла қоспай ма,

Кім ұқсын менің күйімді..." деп жазды ол.



Әншіні әріптестері де желіде құттықтап тілектерін білдіруде.