"Кімнің кімде несі бар?": Алтынай Жорабаеваның жаңа әні желіні шулатты

0
7 072

Алтынай Жорабаева: "Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын"


"Кімнің кімде несі бар...?", бұл пікір емес, әннің атауы. Ал оның қайырмасы " Уф, аһ, оһ, пах" деген одағай сөздерден тұрады. Сүйікті әншілерінің мұндай стилде ән шырқағанын қабылдай алмаған тыңдармандары бар болып шықты. Бірақ Алтынай ханымның да оларға айтары бар.


Алтынай Жорабаева: "Негізі, әркімнің талғамы әр түрлі екенін ұмытпаған дұрыс деп ойлаймын. Менің репертуарымда көптеген бағытта әндер бар: Конкурстық, патриоттық, классикалық, лирикалық, попса, 11 тілде ән, жастар тыңдайтын әндер...

Өйткені мен әншімін ғой! Мүмкіндігімді ұштау керекпін дегендей... "Астана" немесе "Өмір өзенді" ұнатпайтын тыңдармандары, "Ооой осы-ақ айғайлай береді екен. Көңілді, жеңілдеу әндер неге айтпайсың ?" т.т. Лирикалық әндер айтсам, "ооой жыланады да жүреді, көзінде мұң бар" т.б...

Неше түрлісін естимін. 100% халыққа ұнау мүмкін емес! Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын ғой... Менің көңілді жүруіме хақым жоқ па әлде? Халқым тойға шақырып, көңілді әндер айтқанымды қалайды. БІРІНШІ АЛЛАНЫҢ, ЕКІНШІ ХАЛЫҚТЫҢ АРҚАСЫНДА ЖҮРГЕННЕН КЕЙІН, талаптарды орындауға тырысып жатамын. Бұл әндегі "уф, аһ, оһ, пах" деген сөзді бірінші рет естігендей болмайықшы. Әдеби кітаптарда көп кездеседі. Негізі сөзіне мән беріп тыңдасаңыздар, өте керемет жазылған... Әр нәрсенің хайыры бар. Басыма Алла қиындық берсе, солай болуы керек болды. Бәрі артта қалды. Қазір Аллама сансыз шүкіршілік. Бәрібір жақсы көремін сіздерді!".

Аталмыш әннің сөзін танымал ақын Құрманай Бахтиярқызы, ал әнін Жорабаева өзі шығарған. Авторлардың айтуынша, бұл ән адамның эмоциясын толық жеткізеді.

Әннің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден тыңдауға болады.


ERNUR.KZ