"Кинода қосыла алмаса да, өмірде бірге": "Сакура" сүйіктісіне ұсыныс жасады

0
4 086

Актриса әлеуметтік желідегі жеке парақшасына той көйлегін киіп түскен фото жүктеген.


"Рауза" телехикаясы арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленген актер Айдар Асқарбек шаңырақ көтергелі жатыр. Өнер иесінің таңдауы кинодағы сүйіктісі Раузаның рөлін сомдаған Жарқынай Ханайымға түскен. Жиені жайлы жағымды жаңалықты Баян Мақсатқызы Insatgram парақшасында хабарлады.


Әлеуметтік желіде актердің сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтінен видео таралған. Сонымен қатар, Жарқынай өзінің жеке парақшасына той көйлегін киіп түскен фото жүктеген. Мұны көрген шоу-бизнес өкілдері де, оқырмандар да ғашықтарға бақыт тілеп, жазба қалдыруды.





Айдар Асқарбек - Аша Матайдың туған ағасы, Баян Мақсатқызының жиен інісі. Осы уақытқа дейін полиция қызметкері болып жұмыс істеген. Оның алғашқы қадамы отандық телихикаяға түсумен басталды. Сонымен қатар, "Кешью" тобының бейнебаянына түсіп, көрерменнің көзайымына айналды.

Ал, Жарқынайды 2016 жылы белгілі продюсер Баян Алагөзова кезекті жобасы ретінде жұртқа таныстырған еді. Көп ұзамай әнші мен продюсер бірлесіп жұмыс істеулерін тоқтатып, Жарқынай продюсердің қарамағынан кеткен. Ол 2019 жылы «Хабар» арнасында көрсетілген «Рауза» телехикаясында әнші қыз - Раузаны, ал Айдар Асқарбек қылмыс әлемінің серкесі - Сакураны ойнаған.

Бүгінде Жарқынай Ханайым көрермендерді Астана мюзикл театрындағы тамаша қойылымымен тамсандырып жүр.