«Құдай-ау, өзімізде бір күйеу де жоқ...»
Психолог Серікгүл Сәлидің «Бір әйелге екі еркек» деген сөзі желіде қызу талқылануда. Белгілі әнші Мерует Түсіпбаева инстаграм әлеуметтік желісінде С.Сәлидің айтқан сөзіне мынадай үн қатты.
«Қазақ айелдеріне екі күйеу керек» деп сенсация жасапты. Құдай-ау, өзімізде бір күйеу де жоқ… Мне одной стыдно за нее? (Жаным қиналғанда, орысша сөйлеп-жазып кететінім бар…) Біздің елде апта сайын бір хайпажер шығады, әйтеуір. Тұрмысқа шыға алмай жүрген қыз көп, әкесіз өсіп жатқан бала көбеюде деп дабыл қағып жатсақ…. Бір айелге екі күйеу керек дегені қай сасқаны?! Ұрпақты адастырмаңдар! Ауыз өзімдікі демей, ойланып сөйлеу керек қой. “Атың шықпаса жер өртенің” кері ме?!» - деп жазды.
Шоу бизнестегі әзілкеш, белгілі актер Ерболат Төлеген де «Бояғыш,бояғыш деген сайын сақалын бояпты” деген сияқты есіре бермеу керек қой…Не енді мынау?!» деген шағын жазба қалдырды.
Әсіресе журналистер қауымы отандық психологтың айтқан сөзіне сын садағын қадауда. «КТК» телеарнасының белді журналисі Гүлмира Әбіқай: «Жалпы, Қазақстанда өмір сүру #нескучно иә, әркез сайқымазақ біреу табылады. Әйелдердің психикасы 2 күйеуді қалайды деп қояды, өзінің психикасы сыр берген-ау. Маған мысалы керек жоқ қос күйеу)», - деді журналист.
Ал журналистикадан жеке кәсіпкерлікке бет бұрған Жанат Бақыт осы даулы мәселеге орай тереңінен үңіліпті. Журналистің айтуынша, 30 жылда телеарна, әлеуметтік желінің бәрінде тек “топастану саясаты” жүрді. Эфирді тілі шұбар, шашы жасылдармен, не беті жылтыр әншімен, не әр семьяның арасына түсіп, қақшаңдап рейтинг қуалағандармен толтырды.
«Бұл жайттар еркектердің еңсесін түсірді, рухын өшірді. Әйел 90 жылы базарға шыққаннан бері еркекке де, әйелге де айналды.
ҚОҒАМДА АДАМДЫ “болмыс” емес, “ЗАТ” деп көретін болдық.
Болмыс кім? Ол: ар-ұяты мен еркіндік, жауапкершілігін алдыңғы орынға қоятын, өзін әрқашан рухани дүниемен дамытып отыратын ғайыптық болмыс;
Қазір бұл қасиеттер марқұм болды емес пе;
Сосын әрине “Екінші күйеу” тақырыбы БАСТЫ ТЕМАҒА өтеді;
Қалағандарыңыз, шулап талқылайтындарыңыз осындай тақырып қой))), енді не дейсіздер? Рухани дүние жазсаң “оқығым келмейд” деп жазасыздар», - деді ол.