​«Құдайдан Азаматты тілеп алғам»: Назгүл Қарабалина күйеуін қалай қаратып алғанын айтты

0
3 897

«Менікі сезім, онікі расчет болды»


​«Құдайдан Азаматты тілеп алғам»: Назгүл Қарабалина күйеуін қалай қаратып алғанын айтты


Актриса Назгүл Қарабалина күйеуі, актер Азамат Сатыбалдыны қалай қаратып алғанын айтып берді. «Дастархан» бағдарламасына қонақ боп келген өнерлі жұп ел білмейтін ерекше оқиғаларды көпшілікпен бөлісті.


«Азамат мені онша ұнатпаған. Оған алдымен өзім ғашық болдым. Шыны керек қой, жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың көңілі маған ауса екен, мені байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған блокнот арнап, ішіне өлең жазатынмын. Бірақ Азамат ол кездері басқа бір қызды ұнатып жүрген. Бір күні сол блокноттың ішіне «О, Алла тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуміз үйленсек, мен оның көпбалалы отбасыдан екенін білемін. Сен де оны білесің ғой. Олар тоғыз ағайынды, әке-шешесі үлкен, пенсионер кісілер. Егер мен оның әйелі болсам мен әке-шешесіне, бауырларының бәріне жақсы қарайтын едім. Бәрімен жақсы қарым-қатынаста болатын едім. Маған тек қана Азаматпен қосылуды нәсіп етші» деп жазадым.


Азамат соны оқып қойыпты. Біреу әке-шешесіне қараймын, жақсы әйел болам деп тұрғасын Азамат та ойланған болуы керек. Блокноттағы жазба менің тағдырыма тікелей әсер етті. Азаматта тек қана расчет болған шығар, ал менікі шынайы сезім болды. Бірақ қазір ол мені сүйеді. Азаматтың жақсы көргенін қойшы, атамның маған деген ілтипатын айтсайшы.


Қайын атам былтыр тоқсанға келіп қайтыс болды. Ол кісі менің осы өмірдегі тапқан байлығым, бағым еді. Менің пешенеме сондай адамның келіні болуды жазғанына күн сайын шүкіршілігімді айтам. Азаматтың маған деген сүйіспеншілігінен де ең қымбат дүние қазір енемнің маған деген сүйіспеншілігі» деді Назгүл Қарабалина.


Актрисаның шынайы әңгімесін әлеуметтік желі қолданушылары да қызу талқылады. «Назгүл ханым керемет жан, сұлу, байсалды, ақылды, әдемі келіншек», «Азаматтың әйелі дана адам екен, тыңдай бергің келеді», «Екі жақсы қосылған деген осы шығар», «Азамат жа таңдаудан қателеспеген екен» деп жазды көпшілік.