"Күйеуге шыққан рахат екен": Ерке Есмахан соңғы жаңалықтарын айтып мақтанды

0
7 013

Күйеуі Райм әкесіне жаңа көлік сыйлаған.


Ел ішінде көп айтылатын тақыптың біріне айналған Ерке мен Раймның жұбы қазір желіде белсенді емес. Десе де арасында әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен тілдесіп қояды.

Бүгін Ерке Есмахан өзінің жанкүйерлеріне күйеуге шыққанның рахатын айтып, барлық мәселені күйеуі шешетініне шүкірлік етті.

Сондай-ақ әнші күйеуі Раймның туыстарымен бірге уақыт өткізгендерін және қайынатасына жаңа көлік сыйлағандарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Райм мен Еркенің некеге тұруы көптің қызу талқысына түскен еді. Әйткенмен жұлдызды жұп махаббаттарын мойындатып, көптің ықыласына бөленіп жүр.