Олар қазір Лондонда демалып жүр.
Әйгілі Ерке Есмахан көптен бері шығармашылықта белсенді болмай жүр еді. Күні кеше ол көп күттірген әнінің тұсауын кесті. Жеңіс күнінің қарсаңында жарияланған әннің аты - "Батыр Мәншүк".
Ол бұл әніне тыңдармандарынан қолдау сұрады және жұмыстарын жеңілдеткен жарына рақмет айтты. Сондай-ақ ол "Мәншүк апам Оралдың қызы, мен Оралдың келіні, бір жағынан күйеуімнің туған жеріне көрсетіп жатқан құрметім деп біліңіздер" деп жазды.