​«Күйеуің мен балаңның арасына түспе!»: Гүлнұр Оразымбетоваға анасы осылай ақыл айтқан

0
1 039

«Келін боп түскен үйіңнің әңгімесін маған тасыма» деді»


​«Күйеуің мен балаңның арасына түспе!»: Гүлнұр Оразымбетоваға анасы осылай ақыл айтқан


Әнші Гүлнұр Оразымбетова «Инстаграмдағы» парақшасында анасының айтқаны ақылымен бөлісті.


«Анашым… Кемпірдің қызымын ғой, бірақ соңғы уақытта анамның бетінен сүйіп, құшақтап, еркелейтін болыппын. Өзі де бұрын «Қой, ары бар, енемнен ұят болар» деп шошитын. Ешкім жоқта құшақтап, сағынышымды басып аламын. Үнемі айтатын сөзі: «Келін болып түскен үйіңнің әңгімесін маған тасымаңдар. Ата-енеңді сыйлаңдар, жолдасыңның жағдайын жаса, алды-артыңды жиыстырып жүр, дастархандарың әрқашанда жаюлы болсын. Келген қонағыңа күліп отырып шайыңды құй». Менде ұлдар болған соң «Әке мен ұл баланың арасына түспе, оларға темірдей тәртіп керек, араласпа» дейді. Барлық сөзі орынды… Ата-ана баласын тек жақсы болсын дейді ғой, дұрыс қабылдай білейік. Аман болайық» деп жазды әнші.


Гүлнұрдың тыңдармандары анасының ақылын жылы қабылдады. «Анаңыздың жүзі жылы екен, аман болсын!», «Тамаша өсиет айтыпты», «Кемпірдің қыздары ең ақылды қыздар болады. Ақылың бір басыңа жетіп артылады. Анаңа бар кезінде құшақтап, сүйіп қал, сонда кейін өкінбейсің», «Анаңызға қатты ұқсайсыз, дана кісі екен, мың жасасын» деп жазды көпшілік.


Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетова 19 жасында өзінен 21 жас үлкен Серікбай Нұрғисаев есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Екі ұл тәрбиелеп отыр.