«Қылышбектің рөлін Рүстемге қимадым»: «Келінжанның» продюсері ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды

0
2 419

«Айсараның қасында бала сияқты көрінді»


«Қылышбектің рөлін Рүстемге қимадым»: «Келінжанның» продюсері ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды

Алты жылдан бері көрермендердің көзайымына айналған «Келінжан» телехикаясының 5-ші маусымы өз мәресіне жетті. Осы орайда «Келінжанның» продюсері Гүлнұр Мамасарипова «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келіп, сұхбат берді.


«Мен «Келінжанды» бірінші маусымнан кейін тоқтайды , «осы әдемі күйінде қалсын» деп айтқанмын. Бұл сөзді әр маусым сайын айтамын. Бірақ көрерменнің сұранысы, өтініші тағы бір маусымды түсіруге әсер етіп жатыр. Негізі халық барда «Келінжан» бар болады екен. Өйткені ене мен келін тақырыбы өміршең, әр қазаққа таныс оқиға. Сондықтан оны әдемілеп, өрбітіп түсіріп кете беруге болады» деді Гүлнұр Мамасарипова.


Десе де ол «Келінжанды» қайталап түсіре беру арқылы шығармашылық тоқырауға ұшырағанын айтты. Алдағы уақытта басқа бағыттағы, тақырыптағы фильмдерді түсіруді жоспарлап отыр екен. Гүлнұр Мамасарипова сондай-ақ әу баста Қылышбектің рөліне басқа адамды алғысы келгенін білдірді.


«Келінжанды» түсірер кезде «Инстаграм» арқылы тікелей эфирге шығып, көрермендерден кейіпкерлерге ат таңдауын сұрадым. Содан көпшілік Асылым, Балқия, Асқар, Күлімхан деп өздері ат таңдап берді. Айсара деген атты да, актрисаны да өзім таңдадым. Ал Қылышбекті о баста Қылышбек Қасымбеков деген актер ойнайды деп ойлағам. Бірақ оған режиссер келіспеді. «Бәрін өзіңіз таңдай бересіз бе, осы рөлге өз қалауымды аламын» деді. Мен оған өкпелеп, Рүстем Жаныамановтың түскенін қаламадым. Себебі ол офиске келгенде жап-жас, жұқалтаң боп көрінді. Айсараның теңі емес деп ойладым. Бірақ режиссер өз дегенінен қайтпай тұрып алды. Содан түсірілімнің алғашқы күнінде бәріміз кездестік, мен Рүстемді танымай қалдым, бүкірейіп, рөліне кіріп алған. Қуанып кеттім» деді продюсер.