«Қыздарын Антарктидаға беріп жатыр ма?» : Жасауында 12 тоны бар қыз желіні шулатты

0
2 371

«Өмірдің бақыты шубамен өлшенбейді»


«Қыздарын Антарктидаға беріп жатыр ма?» : Жасауында 12 тоны бар қыз желіні шулатты

Фейсбук әлеуметтік желісінде Амина деген қыздың жасауын таныстырған бейнеүзігі пайда болды. Аталған видео әуелі тиктокқа салынып, қызу талқыға түсіпті. Қыздың жүгінде 12 түрлі шуба (ақ, сары, алқызыл, күлгін, көк, т.б.) және жылдың әр маусымына арналған бас киімдері, көздің жауын алатын дүниесі, ыдыс-аяғы, «тоғыздары», т.с.с бар екен.



Мұншама жасауды желідегілер «Сары, малиновый шуба кім киеді?», «Он екі ай қыс болады деді ме?», «Сенің әкең депутат болса», «Анаң шуба сататын болса», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Талай қазақ нан таппай қиналып жүр. Ысырап» деп сынап жазды.


Ал екінші топ «Қандай күшті, қалай мақтанса да жарасады. Елдер неге жаман пікір жазады екен? Елге бақыт тілеп, өзімізге жұғысты болсын деп жүрейік!», «Ақшам көп болса мен де аямас едім», «Не жұмыстарың бар? Киетін өзі. Қайта өз қыздарыңа осылай апаратын дәрежеге жетіңдер!» деп қолдау білдіруде.