«СЫЛТАУЫҢДЫ ҚОЯ ТҰР!»
Көпшілікке «Келінжан» фильміндегі Айсара образымен танымал киноактриса Дариға Бадықова инстаграмда мамандық пен мінез жайлы пост жазып, елді елеңдетіп қойды.
«Қандай оқуды бітірсең де, тек сабаққа барып келу жеткіліксіз. КИМЕПті бітір, КазГУ-да оқы, маған десең, Щепкинді бітір, ГИТИС ты бітір.... Егер біліміңді тәжірибеде жүзеге асыра алмасаң, өзіңде табиғи “мінез” болып, сол мінезіңді мамандығыңда лайықты көрсете алмасаң, жетістікке жете алмайсың.
⠀Қарап тұрсаңыз, көп адамның қайғыратын сылтауы бір негізі. «Өөөй, бізге оқуда бұны үйреткен жоқ, біз бұны вообще өткен жоқпыз» деп шығады. Өзінің мақсатқа жетудегі дәрменсіздігін мойындағысы келмей, бар кінәні мұғалімге артып қойыыыып, өзі сүттен ақ, судан таза боп отырады. Ал адамның өзінің ізденісі ше? Талабы қайда? Оған қоса, бақ, талант деген де нәрселер бар. Осылар болмаса, мақсатыңа қалай жетпексің?⠀
Мысалы, менің актерлық курстарыма қатысқан кейбір адамдар да болды, «дым үйренген жоқпыз» деген.⠀“Менің талантым жетпейді екен, менің қолымнан келмейді екен, менің бұны түсінуге білімім жетпейді екен, менде мінез жоқ” деп ешкім де мойындай алмайды! Сол себепті кінәні басқаға арта салу - өзін-өзі басынан сипап, ақтап алудың ең тиімді жолы. ⠀
Айналайындар, көп нәрсе мына өзіңізге байланысты. Нашар ұстаздан не мықты ұстаздан бітір, мейлі! Соңындағы нәтиже тек өзіңізге ғана байланысты. Талапшыл болыңыз! Соңына дейін барыңыз! Ізденіңіз! Зерттеңіз! Мінезді болыңыз! Қасындағы подружкасының арманымен өмір сүретіндер бар. Ол дұрыс емес. Өз арман-мақсатыңызды #четко біліңіз!" - деді ол. Желідегі оқырмандар актрисаның соңғы постына қолдау көрсетіп, фотосына қатысты сын да айтты. «Қызық,қазақи бір әдемілігіңізді жоғалтып алған секілдісіз», «Ойбай, Айсара қайда кетті?», «Мотивация болатын сөздер жазыпсыз» деген сияқты пікірлер қалдыруда.