"Уақыт тым қысқа..."
Жақында танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының ағасы өмірден озған. Қазір оның жиі түсіне кіретінін жазған журналист, оқырмандарын жылатып алды. ⠀
"Ағамды сағындым... Жүрегімнің түкпірінен шыққан сөзбен, уайыммен қабаттасқан мұңмен жиі бөлісе бермеймін ғой. Бұл жолы ішімдегіні сіздерге шығарып алғым келді, көп көрмеңіздер.⠀
...Тағы да көрдім сені. Тағы да аппақ киімдесің. Тағы да со баяғы балғын балалық өткен ауылдамыз. Әдеттегідей жүзің жарқын, көп жымиясың. Екеуміз де көңілдіміз. Со баяғы әткеншегіміз – темір кровать.⠀
⠀⠀
Қайта-қайта маған: «Ляля, құлап қалма! Ләйлөк, байқа», - деп қамқорлық танытасың... Бір-екі рет сүрініп ем, дереу тұрғыздың... Бәрі бұрынғыдай... Ойынға мәз боп жүрген Руслан мен Ләйлә...⠀
⠀⠀
P.S. Түсіме жиі кіргеніңе қарағанда жанымда қорғап, қолпаштап, қолдап жүрсің-ау, ағатай. Сен көрмегенді жанұяң көрсінші.⠀
⠀⠀
Барыңызды бағалай біліңіз. Уақыт тым қысқа" деп жазған Сұлтанқызы оқырмандарын уақытты қадірлей білуге шақырған. ⠀
⠀
Мұны оқыған оқырмандары көздеріне жас алғанын айтып, сүйікті журналистеріне сабыр тілеген.