Мақпал Жүнісова кімнің кредитін жауып жүр - "ОЛАР АЛАДЫ, МЕН ЖАБАМЫН"

0
2 792

"Мен де мінуім керек, мен де норка шуба киюім керек, бриллиант тағуым керек" - бұлардың ешқандай қызығы жоқ" дейді әнші.


Мақпал Жүнісова кімнің кредитін жауып жүр -

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әнші Мақпал Жүнісова ет-жақындарынан көмегін ешқашан аяған емес. Тіпті, олардың алған несиелерін де толық жауып беретін көрінеді. Бұл туралы халық әртісі НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасындағы сұхбат барысында айтты.

Мақпал Жүнісова несие деген шырмауы көп банк қарызын өтеп жүргендер қатарында бар екен. Тек, қаражатты өзі емес, жақын туыстары алған.

"Кредит алған туыстарым бар. Олар алады, мен жабамын кредитті. Екі-үшеуі алған еді. Өзім жауып бердім. Сосын, алмаңдар деп айттым. Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның болса, шәйің бар ма? Жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба? Соған да шүкір деңдер", - деді әнші.

Несиенің пайдасынан гөрі зияны көбірек екендігін ескерген Мақпал Жүнісова несиенің торына ілініп қалудың бірнеше себептерін де айтып өтті.

"Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Кредитті неге алады? Машина мінемін дейді. Содан соң кредитті жаба алмай үйінен айырылып қалып жатыр, тағы сондай сияқты нәрселер көп енді. Байлыққа қызығады, "мен де мінуім керек, мен де норка шуба киюім керек, бриллиант тағуым керек" деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай да қызығы жоқ", - деп сөзін қайырды әнші.

ERNUR.KZ