​«Маңдайларыңа «зеленкамен» жазып алыңдар!»: Актер Нышанбек Жұбанав "Миллион" командасының жігіттеріне ренішін білдірді

0
3 531

Іле-шала мұның бәрін «хайп үшін істедім» деп ақталды


​«Маңдайларыңа «зеленкамен» жазып алыңдар!»: Актер Нышанбек Жұбанав

Белгілі кино және театр актері Нышанбек Жұбанаев «Көреміз» бағдарламасында «Жездуха» сериалын түсірген «Миллион» КВН құрамасының жігіттеріне ренішін білдірді.


Қағытпа қалжыңдарымен көрерменнің көзайымына айналған әзілкеш жігіттер таяуда «Жездуха» сериалының толықметражды киносын түсірді. Ақпан айының ортасында көрерменге ұсынбақшы болған туындыда басты рөлдердің бірін сомдаған Нышанбек Жұбанаев «Гонорарымды толық бермеді» деп мәлімдеді.


Бағдарлама студиясына келген актер «Кино деген ойыншық боп кетті. Анау да, мынау да кірісіп жатыр, киноға қатысы жоқ адамдар саудаға салып алды. Ақшаны салу, оны он есе қайтарып алуды ғана ойлайды. Бірақ оған лайықты талант жоқ, талғам жоқ, тәжірибе жоқ. Құры амбициямен қатты кетіп қалуға болмайды. Кино – бизнес емес, жігіттер, ол – өнер. Ойларыңа сақтай алмасаңдар, маңдайларыңа «зеленкамен» жазып алыңдар, өшпейтіндей етіп. Кім көрінген жалаңаяқ амбициямен келіп, кіре салмау керек» деп ақыл айтты.

Өз кезегінде "Миллион" командасының жігіттері актерге келісілген гонорардың толық төленгенін айтты. "Үлкен кинода ақшаны продюсер басқарады екен. Ол келісім-шартпен болатын үлкен шаруа. Сол себепті біз барлық ақшаны продюсерге тапсырдық. Бәрімен сол есептесті. Негізі толық киноға 3 миллион теңге сұраған. Ақша берілген" деді олар.



Бірақ артынша, өз сөзінен өзі тайқып, мұның бәрі «хайп үшін істедік» деп ақталды.


«Миллион» командасының «Жездуха» киносында басты рөлдердің бірін сомдадым. Және де сол «Миллион» командасымен болған конфликт, реніш пен өкпе жай ғана қалжың болатын. Оның бәрі – прикол. Арамызда араздық жоқ. Барлығы жай ғана киноны жарнамалау, көпшілікке өтізу үшін жасалған қадам болатын.


Былай түсіндіріп айтайын, кино түсіріліп болған соң «Миллион» командасы хабарласып, «сіздің көмегіңіз қажет, қолдап жіберіңіз» деп жағдайды түсіндірді. Мен ойланып қалдым, дәлірек айтқанда, маған олардың ұсынысы ұнамады. Атыма сын келетінін, сөз ететінін білдім. Десе де жігіттердің көңілін қимадым. Сондықтан да бір ғана мақсат пен ниет болды – көмектесу, қолдау.


Кешеден бері қаншама адам хабарласып «не болды, қолдаудың орнына көре алмай жатырсың, аяқтан тарттың» деп жазып жатыр. Мен мұны сол, қолдау үшін істедім. Сондықтан түсіністікпен қараңыздар. «Миллион» командасын мен жақсы көрем, құрметтеймін. Олар да мені өте қатты жақсы көреді, оны білемін. Пейілді қолдан жасай алмайсың. Болған жағдайды көңілге қатты алмаңыздар. Бізде бәрі жақсы» деп айтты Нышанбек Жұбанаев «Инстаграм» парақшасында.