"Мен өзіңді жақсы көрем, себебі онда мен бармын", - дейді әнші.
Танымал Айгүл Иманбаеваның жазбасы көпшілікті қуантып қойды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына " Мен Өмірді жақсы көрем,
Себебі онда СЕН барсың...
Мен ӨЗІҢДІ жақсы көрем,
Себебі онда МЕН бармын..." деп жазған болатын.
Көпшілік әншінің өз бақытын таптыға жорып, түрлі тілектерін де жарыса жазып жатыр.
Олар "Аллам екі дүние бақытын нәсіп етсін! Сіз бақытты болуға әбден лайықты жансыз!", "Айгүл, сен бақытты болуға лайықсың. Менің сүйікті әншім және актрисам. Саған бәрі жарасады,әдемісің!" деген секілді ниеттерін жазып жатыр. Кейбірі әншінің күйеуге шығуын тілеп, сол күнді күтіп жүргендерін жазған.