«Мені өсектей беріңдер»: Ерке Есмахан өзін ғайбаттайтын адамдарға жауап берді

0
2 868

«Күйеуге сәтті тиіп алдым»


«Мені өсектей беріңдер»: Ерке Есмахан өзін ғайбаттайтын адамдарға жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан «Инстаграм» парақшасында оқырмандар сауалына жауап беріп, жеке өмірі жайлы сөз қозғады.


Әнші өзін жамандайтын адамдарға осы ісін одан әрі жалғастыра беруді ұсынды.


«Менің байқағаным, интернетте адамдар мені неғұрлым жамандап, ғайбат айтса, менің өмірім, отбасым соғұрлым берекелі, бақытты, бай бола береді екен. Сондықтан мені жамандайтындарға, өсек айтатындарға дым нервімді құртпаймын. Сөз деген бүгін айтылады, ертең ұмытылады. Аллаған тапсырамын, болды. Өмірімді сүріп, рахаттанып жүре берем. Сол себепті мені көбірек өсектей беріңдер», - деді Ерке Есмахан.


Ол сондай-ақ шығармашылығы, өнері жайлы сөз қозғады. «Ән жаздыруға дым талпыныс жоқ. Бұл минус және плюс мен үшін. Бұрын ақша, танымалдылық, бренд, бриллиантқа талпыныс өте қатты болатын ғой. Таласып, тармасып ше. Қазір, Аллаға шүкір, сол армандаған өмірімді сүріп жатырмын. Алла бұйыртып күйеуге сәтті тиіп алдым ғой», - деді әнші.


Ерке Есмаханға оқырмандар тарапынан «Күйеуіңізден алған ең бағалы сыйлығыңызды айтыңызшы» деген ұсыныс түскен.


«2022-жылдың соңында Меккеге барған еді. Әлі кездесіп жүрген кезіміз. Сол жерден маған кілт әкеп сыйлады. Кілтте арабша «Сені Алла разылығы үшін жақсы көремін» деген жазу болды. Сол кілт жаныма жақын. Содан соң бір-бірімізге «Сені Алла разылығы үшін жақсы көремін» деп сезімімізді білдіреміз», - деп айтты Ерке Есмахан.