​«Мені өз қатындарыңдай жақсы көріңдер»: Мақпал Жүнісованың әзілі желіні жарды

0
3 872

«Зәкең мені теледидардан көргенде танымай қалатын»


​«Мені өз қатындарыңдай жақсы көріңдер»: Мақпал Жүнісованың әзілі желіні жарды

Қазақстанының Халық Әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматыдағы жеке концертінде көпшілікті күлкіге қарық қылды.


«Анау телевизор, мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер, ей! Мен осы Алматыдағы Көк базарға жиі барам ғой, ол жердегілердің бәрі менің достарым. Солар «Түу, Мәке, қандай әдемі келіншексіз? Теледидарда жардай боп, семіріп тұрасыз» деп айтып отырады. Баяғыда Зәкең де «Менің қатыным «нормальный» сияқты еді, теледидардан көрсем танымай қалам» деп айтушы еді. Сондықтан, құрметті концертті түсіріп тұрған жігіттер, мені бір сағатқа болса да өз қатындарыңыздай жақсы көріп, әдемілеп түсіріңіздер» деп күлді Мақпал Жүнісова.


Әншінің бұл әзілін әлеуметтік желі қолданушылары да іліп әкетті. «Шынымен, дұрыс айттыңыз. Сізді түсіргенде барлығы бірдей үлкен режимге қосып қояды-ау деймін. Әйтпесе өте әдемі, жіп-жіңішке жансыз ғой», «Сіз әдемісіз, теледидар сол әдемілігіңізді көре алмайды», «Қалжыңның түбін түсірдің, Мақпалжан!», «Әні де, әзілі де өте керемет!», «Ешқандай жасандылық жоқ, жаттанды сөз емес, жүректен не шығады, соны айтатын тамаша талант иесі» деп пікір білдірді тыңдарман қауым.


Айта кетейік, таяуда ғана Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып, біраз ақшасынан қағылған. "Маған дауыс беріңіздер" деген хабарламаны ашып, ақырында телефоны істен шығып қалған әнші қатты ашуланып "Осыдан тауып алсам, бастарыңды жарамын" деп ескерту жасаған болатын.