«Менің тәжірибем бар»: Атышулы трансгендер Амилай өз баласын қалай тәрбиелейтінін айтты

0
2 208

«Өз баласы да трансгендер болатыны анық қой»


«Менің тәжірибем бар»: Атышулы трансгендер Амилай өз баласын қалай тәрбиелейтінін айтты

Көпшіліктің назарында жүретін еліміздегі әйгілі трансгендер балалы болуды аңсап жүр. Ол инстаграм парақшасында өзінің ұлды немесе қызды болуға үмітті екенін жазды.

– 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Мені ойлайтын шығарсыңдар жаман адам, балаларды қаламайды деп. Жоқ, керісінше менің өзімнің ұлым және қызым болғанын қалаймын. Болашақта ол да болады деген үміттемін, - дейді Амилай.

Алайда балалары өзінің жолын қуғанын қаламайды. Яғни ұлы болса, оның трансгендер болуына жол бермеймін дейді ол.

– Ұлым болса, қыздарды, үлкендерді сыйлайтындай ер азамат қылып тәрбиелеймін. Бала-шағам өзім сияқты қарама-қарсы жынысты таңдағанын қаламаймын. Менің тәжірибем бар. Қалай өсіру керектігін, қалай тәрбиелеу керектігін білемін, - деп жазды трансгендер.

Ал желі қолданушыларының кейбірі трансгендердің алға қойған жоспарын қолдады.

"Асырап алып, жақсы тәрбие берсең болады", "Сенің балаң болса, өте мейірімді ана боласың", "Осыларды қолдап жүргендерге таңым бар. Өз баласы да трансгендер болатыны анық қой", - деп жазды пікір білдірушілер.