Мұрнына операция жасатқан Балжан Бидаш бұрынғы түрін ұмытып қалған (видео)

0
3 626

Әнші бұрынғы суреттерін көріп өзі де таңғалған.


Мұрнына операция жасатқан Балжан Бидаш бұрынғы түрін ұмытып қалған (видео)

КешYou тобының экс-солисі, бүгінде өзін жеке әнші ретінде танытып жүрген Балжан Бидаш Gakku арнасындағы "Астар Неадекват" бағдарламасының қонағы болды.

Әнші сұхбатында соңғы уақытта сахнаға жиі шықпай, көрермен назарынан тыс қалып жүргенінің сырын айтты. Сондай-ақ, ол КешYou тобындағы күндерін есіне алып, топты сағынатынын айтты.

Жеке шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берген Балжан журналистің бет әлпетіне қатысты "қағытпаларына" да қысылмай жауап берді.



Еске салайық, Балжан Бидаш бірнеше жыл бұрын мұрнына пластикалық операция жасатқан. Әншінің айтуынша, ол тыныс алу жолдарында қиыншылық болғандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Өнер иесі ота жайлы Instagram-дағы парақшасында баяндаған еді.


“Бірнеше апта бұрын армандарымның бірі орындалды. Менің тыныс алуымда қиыншылықтар болған. Соны емдетудің барысында кішкентай кезімде балалықпен шалалық етіп тапқан мұрнымдағы “горбинканы” да емдетуді жөн көрдім. Ойламаған жерден жоспар ринопластикаға айналып кетті. Аллаға шүкір операция сәтті өтті, өзімді жақсы сезініп жүрмін”, – деп жазған әнші.