«Несиеге той жасаған қаншалықты дұрыс?» : Отандық шоу бизнес өкілдері пікір білдірді

0
1 207

«Ақшасын беріп тұрған жерден неге қаламын?»


«Несиеге той жасаған қаншалықты дұрыс?» : Отандық шоу бизнес өкілдері пікір білдірді

Қыркүйек айының соңында Қазақстанда той жасауға ресми түрде рұқсат берілген болатын. Содан соң мереке екпіні екі есеге күшейді. «Әулетінің қуанышы үшін несие алатындар өте көп. Бірақ, қазір тойға мүлде бармаймын. Қарызданғандарын қаламаймын. Не болып жатқан концерт жоқ, тойымыздың жағдайы мынау. Бір жерге барсаң ұрлық істеген адам құсап, қорқып, үркіп жүресің. Тойға шығып жүрген жоқпын. Шықпаймын» дейді әнші Мырзахан Маханов НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Мырзаханның пікіріне қосылатын әртістердің қатары сирек. Марат Омаров «ақшасын беріп тұрған жерден неге қаламын?» деген ұстанымда.


– Несие ала ма, қарыз ала ма, ол шара иелерінің өз қалауы. Оңтүстік өңірінде жүйеге айналып кеткен. Соған үйреніп қалған, - деді М.Омаров.


Бес жыл бұрын талай тойды бір ғана «Мария Магдалена» әнімен билеткен Асхат Тарғыннің пікірі керісінше. Өнер иесі «несиеге белшесінен батып, танымал адамдарды шақыру мүлде дұрыс емес. болғанда да әркім көрпесіне қарап көсілу керек қой. Қазіргі жастар әке-шешесін қинауы мүмкін» деген пікір айтады.


Талғат Жорабаев та қарызға қарсы. Дегенмен той-томалақтан қалмай жүргенін мойындады. «Осы уақытқа дейін несие алып шақырып отыр ма деп ойланбаппын. Өздеріңізге де белгілі, есікті жауып, артынан кірсе де той жасауда.Бұйыртқан тойдан қалмай жүрміз», - деді әнші.