"Нысана" театрының актері көшеде билеп ұятқа қалды (Видео)

0
13 964

Желіде "Нысана" театрының белді актері Жарас Ахметовтың көшеде билеген видеосы пайда болды. Оны бір тәулік ішінде 300 000 жуық желі қолданушылары көрген. "Teatrcity"​ аккаунты жариялаған бейне жазбада Жарас баянмен айтылған танымал әнге билеп жатыр. "Биді жыртады екен" деп жазылған видеоның астына көпшілік теріс пікір жазыпты.


Желіде "Нысана" театрының белді актері Жарас Ахметовтың көшеде билеген видеосы пайда болды. Оны бір тәулік ішінде 300 000 жуық желі қолданушылары көрген. "Teatrcity" аккаунты жариялаған бейне жазбада Жарас баянмен айтылған танымал әнге билеп жатыр. "Биді жыртады екен" деп жазылған видеоның астына көпшілік теріс пікір жазыпты.

Желі қолданушылары: "@sozdikqor: "Үлкен үйде" иманды болып жүрген актерлерді қарасай)), @g.bahit.temirbai: Бір түрлі ынғайсыз екен, түк жарасып тұрған жоқ" деген сияқты пікірлерін жарыса жазуда.

Айта кетейік, "Нысана" театры біраз уақыт үзілістен кейін, "Ерекше шоуларымен" қайта серпін алып, Оңтүстік аймақта гастрольде жүр.

Видео: @teatrcity

ERNUR.KZ