«Ол атақ менде ғана бар»: «Дос-Мұқасан» әншісі Димаштың атағына қарсылығын білдірді

0
1 184

«Атақтың құны қалмай барады»


«Ол атақ менде ғана бар»: «Дос-Мұқасан» әншісі Димаштың атағына қарсылығын білдірді

Мұрат Құсайынов қазіргі жас әншілердің оңай атақ алғанына қарсы. Әнші атақ алу үшін бірнеше жылдап еңбек ету керек деген ойын жеткізді.


“Димашты 16 жасынан танимын. Кезінде даусың бар, талантың бар. Сен оқып ал, сахнаға шығуға асықпа деп айтқаным рас. Талай жарыста әділқазы болып, өнерін бағаладым. Елордада бір жарыста бас жүлдені бердік. Кейін Қытайда табысты болып оралды. Атағы тарады. Қытай жалпы айқай-шуды, шыңғырғанды жақсы көретін халық. Не дегенмен Димаш табыспен оралды. Мен оның таланты барын мойындаймын. Димашқа арнайы бағдарлама керек.

Себебі, оны әлем танып отыр. Онымен мәдиниет министрлігі жұмыс істеуі керек. Арнайы комиссия құру керек. Алайда министр ешнәрсе істеп жатқан жоқ. Спортқа бөлінген ақшаны да, мәдениетке бөлінге ақшаны да жеп отыр.

Жас таланттарға қолдау керек. Димаш, Максим секілді өнерпаздармен арнайы бағдарлама дайындау керек.

Бірақ мен жас әншілердің атақты оңай алғанына қарсымын. Атақ алу үшін көп еңбек керек. Димашқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. Ол менде ғана бар атақ. Оны қазір бәріне бере беретін болды. Атақтың құны қалмай бара жатқандай. Ол үшін әнші көп еңбектену керек қой”
, – деді Құсайынов.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 2019 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Желідегілер «Осылар қолдаудың орнына,неге аяқтан шала береді екен?! Димаш арқылы умытылып кеткендер хайп жасайтын болған ба?», «Бәріне не боп кетті, Димашты сөз қылмаған адам қалмады-ау. Тыныш жүргізбеді ғой. Қаршадай балада нелерің бар?!», «Димашқа барлық атақты берсе де көп болмайды» деген сияқты пікірлерімен Мұрат Құсайыновтың пікіріне қарсы шықты.