​«Оның артында қырғын қатын бар екен»: Жеңіс Ысқақова айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны сынап тастады

0
8 032

«Ақыл айту үшін адамда абырой болуы керек»


​«Оның артында қырғын қатын бар екен»: Жеңіс Ысқақова айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны сынап тастады

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова қыз-келіншектерге тренинг өткізіп, отбасылық мәселеде ақыл айтатын коуч, психологтар жайлы ойын айтты. Өнер иесі "Adal adam" бағдарламасына сұхбат беріп, белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның іс-әрекетін сынға алды.


«Өзің үшін өмір сүр» деп ақыл айтатындар көбейді. Ей, әйел қалай өзі үшін өмір сүреді?! Сен өмірге бала алып келдің бе, осы баланың азамат боп өсуі сенің қолыңда. Бала-шағаң үйде қарны ашып отырғанда тапқаныңды үстіңе жапсырып алып, «өзім үшін өмір сүрем» деу таза топастық!


Өткенде мен бір жігіттің видеосын көріп қалдым. «Ей, айналайындар, білесіздер ме, Айнұр Тұрсынбаева деген ақын қызымыз бар ғой, сол негізі ақын боп жүре беруі керек еді. Менің келіншегімнің жұмысындағы мұғалім әйел Айнұр Тұрсынбаеваның «уағызын» тыңдап,60 мың теңгеге ішкиім сатып алыпты. Оны тағы қарызға алған. Бірақ уақтылы қайта алмай қалыпты. Айналайындар, ондай қымбат ішкиімді тек Айнұр ғана кие алады, сендер кие алмайсыңдар, өмір бақи тиын санап жүресіңдер» деп пікір білдіріпті. Енді мынау ұят қой! Кім кімге ақыл айтып отыр?! Біреуге «былай өмір сүр» деп ақыл айтардан алдың өткен өміріңе, алдыңа, жаныңа қарап ал! Қайдан шықтың, қайда барасың, кімсің? Соны біліп, ақыл айтуға құқығың мен абыройың болса ғана айт!


Айнұр Тұрсынбаева әйелдерді неге жолдан адастырады?! Жалпы бұл Айнұрға ғана емес, басқа да әйелдерге қатысты әңгіме бұл. Қазір ол Айнұрдың артында қырғын қатын тұр екен ғой. Бәрі керемет. Ал оның өткен өміріне қарасаң, екі байдан ажырасқан не болмаса екі күйеуден 2-3 бала туған деген сияқты әңгіме шығады. Бір әйел сондай бір психологтың курсын 300 мың теңгеге сатып алыпты. «Байып кеттің бе енді?» деп сұрадым. Байыған түгі де жоқ. «Сен сол курс сатқан адамның өмірін қарасайшы» дедім. «Иә, ол кісі «менің қателігімді қайталамаңдар» деп ақыл айтып отыр» деп жауап берді. Сонда сол ақылды тыңдау үшін ақшаға сатып алу керек пе?» деді Жеңіс Ысқақова.


Айта кетейік, өнер иесі бұған дейін қылмыс әлемінің серкелерімен араласып, жағдайын түзеп алғанын айтқан еді.