«Өсек пен төсекке қызықпаңдар»: Әнші Нұржан Керменбаев «Кешью» тобының бұрынғы әншісімен ел көзіне түсті

0
850

«Кешьюдің» қыздары тек үйленген еркектерге қарайды»


«Өсек пен төсекке қызықпаңдар»: Әнші Нұржан Керменбаев «Кешью» тобының бұрынғы әншісімен ел көзіне түсті

Әнші Нұржан Керменбаев соңғы кездері әріптесі, «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Элизат Беріковамен ел көзіне жиі түсіп жүр. Екеуі «Біздің махаббат бір Алладан» деген ән жазып, көпшілік назарына ұсынды.


Алайда Нұржан Керменбаевтың тыңдармандары әншінің бұл әрекетін сынға алды. «Баян Мақсатқызының қыздары «опасный», абайлашы», «Кешьюдің» қыздары тек үйленген еркектерге қарайды», «Бұның әйелі, үш баласы бар еді ғой, әлде орамал таққан әйелі жалықтырып жіберді ме екен?», «Елеусіз қалып бара жатқан соң осылай бір шулатқысы келген шығар», «Әйелін орандырып қойып, өзінің істеп жүргені мынау, әншіден күйеуің болмасын деген осы ғой» деп жазды көпшілік.


Ал оған Нұржан Керменбаев өз жауабын берді.


«Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Қаншама жазған әндерімізге мән беріп, сөздерін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да көптеген пікір жазуға болатын ойлар жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниелерге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар. Барлығыңызды құшақтадым» деп жазды ол.


Өз кезегінде «Кешьюдің» бұрынғы әншісі Элизат Берікова да «Инстаграмына» Нұржан Керменбаевпен әңгімелесіп отырған видеосын салып, «Сенімен уақыт зырлап өтеді» деп жазып, жүректің суретін салып қойды.


Айта кетейік, Элизат Берікова бір ұлымен ажырасқан. Ал Нұржанның отбасы, үш баласы бар. Екі әншінің әрекеті хайп па, әлде шынымен махаббат па, ол жағын алдағы уақытта білетін боламыз.