Оқырман: "Маған берсе кимес едім...". Қарақат Әбілдинаның Гүлнұр Оразымбетоваға сыйға тартқан көйлегі халыққа ұнамай қалды

0
14 715

Әнші Гүлнұр Оразымбетова инстаграм парақшасына өнердегі әріптесі, құрбысы Қарақат Әбілдина өзіне көйлек сыйлап жатқан видеосын жүктеп, Қарақатқа алғыс білдірген болатын. Видеода Қарақат "Бұл көйлек тек Гүлнұрға жарасады" деп сыйлығының мақтауын келтіреді. Бірақ ол көйлек желі қолданушыларына мүлде ұнамаған сияқты, өйткені теріс пікірлерді жаңбырша жаудырған.


Оқырман:

Тыңдармандар Қарақат Әбілдинаның Гүлнұр Оразымбетоваға сыйлаған көйлегін ұнатпай қалған.

Әнші Гүлнұр Оразымбетова инстаграм парақшасына өнердегі әріптесі, құрбысы Қарақат Әбілдина өзіне көйлек сыйлап жатқан видеосын жүктеп, Қарақатқа алғыс білдірген болатын. Видеода Қарақат "Бұл көйлек тек Гүлнұрға жарасады" деп сыйлығының мақтауын келтіреді. Бірақ ол көйлек желі қолданушыларына мүлде ұнамаған сияқты, өйткені теріс пікірлерді жаңбырша жаудырған.

Бірақ Гүлнұр Оразымбетова көйлегін ұнатпаған оқырмандарына: "Кешегі Қарақат құрбым туған күніме сыйлаған көйлекке біраз сын жазыпсыздар. Ол "сыйлық" қой. Сыйлықты сыйлай да,қабылдай да білу керек деп ойлаймын. Ең бастысы, шын ниетпен сыйланған сыйлық кәдеңе жарайды. Ал мен Қарақат сыйлаған көйлектің үстімде тозатынына сенімдімін, өте әдемі" деп жауап қайтарды.


Фото-видео: @gulnurorazymbetova

ERNUR.KZ