«Жаңбырша жауған медальдан халық ықыласы миллион есе артық».
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «АБК» тобының негізін қалаушы Қыдырәлі Болманов инстаграмда өнердегі алғашқы баспалдақтары туралы ой қозғады.
Осылай деген Қыдырәлі мырзаның ойына оқырмандары: «Еңбектің бағаланғаны дурыс негізінде, мен де қарап коям марапат алғандардың арасында бар ма екен деп», «Тамшылар әні хит болды ғой», «Өте дұрыс айтасыз қазақ ән өнеріне қазақша түрен салған сіз», «Менің ойымша, медаль алғандар ұялатын заманға жеткен сияқтымыз… Медальды қандай жолмен алуға болатынын халық біліп қалды. Қадір-қасиеті болмай қалды… Қыдырәлі, медаль алмағаның дұрыс болыпты! ”Тамшылар”- тамаша туынды!», «Қыдырәлі айналайын, сенің Ұлытауың – кез келген марапаттан да жоғары лауазымға ие. Сен – халықтың ұлысың, елдің құрметіне ие азаматысың. Жаңбырша жауған медальдан, халық ықыласы миллион есе артық. Аман болыңыздар!» деген сияқты пікірлерін қосуда.