​«Псевдопсихолог мыстанның елге жасаған қиянаты»: Атақты Айгүл Елшібаева Құралай ханым туралы шындықты айтты

0
6 852

"Бұған ақыретте жауабын беретін өзі".


​«Псевдопсихолог мыстанның елге жасаған қиянаты»: Атақты Айгүл Елшібаева Құралай ханым туралы шындықты айтты

Желі қолданушыларына Құралай ханымның аты жақсы таныс. Оның таратып жүрген дүниелері туралы тартыстардың да бары рас. Бұл туралы белгілі әнші Айгүл Елшібаева парақшасына жазып жүр. Осы кезге дейін Құралай ханымның ілімдерінің дінге қайшы екенін айтып жүрген әнші, бұл жолы оның ойын өзгерткісі келгендерге жауап берген.




Айгүл Елшібаева: «Инстацыгандардың елдің басын айналдырып ақша табу мақсатында, мыстандық мектепті қалыптастырып, діни сауаты аз адамдарға дуалауды үйреткен атақты мыстанды жариялағаным үшін, пияр үшін, подписчик жинау үшін жасап жатыр -,деген құйтырқы ібілістің әрекетіне жауабым.
Әр қайсысы мыңға татитын руханияттың мөлдір бұлағының тұмасынан қанып ішкен, ұлттық құндылық пен дінитаным-түсінігі мол жүз нөкерлерімнің санасын улай алмайсыңдар ғой, оларға қанша рет дайректеріне сообщение жіберсеңдер де. Атақты мыстанның нөкерлерін заблокировать еткесін діңкелері құрып, нөкеріме жекеге шығып түсіндіре бастапты. Әй, ібілістің әскерлері, қазақ мұсылман халық тілінде - кәлима, жүрегінде - Алласы бар. Діни сауаты аздарды арбап, ақша үшін бәріне барған билікқұмар, псевдопсихолог мыстанның елге жасаған қиянаты әшкерелегесін,аудиториясыннан айрыламын деп, не істерін білмегені ғой. Бұл 40-күн дұға деп жаттатқан дуада отбасынан ажыраған әйел, келіні өліп, қыздары комаға түсіп өліп қалған, отбасы ойран болған, бизнесі кері кеткен тағдырлардың зары бар. Абжатты сатып ал деп емес, абжатты теріс дуаға айналдырып, жынмен әрекет еткен, бизнестің көзіне айналдырған сиқыршы, гипноз шамбалы, будданың сиқырымен елді пайдаланған алаяқтың әрекеті мені шошытқаны рас. Бұған ақыретте жауабын беретін өзі.
Менің ойым:
Адал жүріп шын сөйле ,
Асығың түсер алшыдан.
Адал еңбек етпесеңіз абырой,
Атақ, шіркін, келе ма оңай-,деп жыр жаттап өскен жыршының теріс жолға түспесін деген ниеті, елді сақтандыру еді. Сондықтан ашығы, атақты психолог Анна ханымның алдында психология ғылымынан жұрдай екенің көрсеткен, өзін коучпын ақтап алғысы келген дипломы жоқ, Пірі-буддист-Правдинаны қазақшалаған аудармашы псевдопсихолог- Құралай.Ошақбаеваның барлық қылмысы дәлелімен парақшамда сақтаулы. Менің мақсатым өзім мұсылман болғасын, дуа мен сиқырға қарсы болған пайғамбарымыздың жолы еді. Бұл жазба Адалдықтың ақ жолымен жүргенге құлақ қағыс
, будда дініндегі, гипноз, магиямен айналысқан, қанатын жайып ақшалылардың энергиясын сорған дуалауды жалғастырған сиқыршы , дуакештерге қатысы жоқ.
Алла тура жолдан айырмасын
!».

Мұндай пікірді оқыған желі оқырмандарының басым бөлігі әншінің сөзін қолдаған. Мысалы, желіде белсенді Мажит Онашова «Фанатизм басым қазіргі жастарда.Ес-түссіз құлай кетеді адамға. Көп нәрсе адамды өзіне тартуы мүмкін. Сұлулығы, киім киісі, жалпы тартымдылығы.Алайда, ең алдымен алар ақпарат соның бәрімен жабылып кетеді. Білімді, ілімді емес қазіргі жастар.Жылтырақ құмар, сенгіш, бақытқа жетудің жеңіл жолын іздеушілер.Мен де талай жаздым. Психология ойыншық емес.Ол-ілім. Ғылыми дәлелденген ақпаратқа ғана сеніңіз деп.Көшіріп алып, жаттап алып, ойдан шығарып, өмір естеліктерін айтып, психолог бола алмайсың. Адам өзгенің қателіктеріне емес, өзінің қателіатеріне басын ұрып барып, өз сара жолын табады.Сізді көптен оқимын. Алла разы болсын! Жарқырай беріңіз!» деп жазса, келесі оқырман «Айгүл!! Сіз қазақ әйелдернің көзін ашып шырқыраған шындық сізге мың алғыс! Құралай тек өзіне пайда дүкен ашып, коучпын оқымаган жынның психологиясын әжелер айткан сөз деп сандалып кыздарына окуга акша жинап шетел оқытам 6 бала тудым деп жар салып акшаны теспей сорып Зайрова Гулбаршынның энергиясын сорып алган соның ісін кайталап енді депутат болам деп сандалып жүрген саудагер ғой» деген.

Осы секілді түрлі пікірлер жазылып жатыр, бірақ Құралай Ханымның өзі нақты, ашық жауап бермеген.