​«Сабап-сабап қамақтан бір шығарды...»: абақтыдан шыққан Төреғали тойда көпшілікке арнау айтты

0
24 559

«Аман-есен кеп тұрмын алдарыңа»


​«Сабап-сабап қамақтан бір шығарды...»: абақтыдан шыққан Төреғали тойда көпшілікке арнау айтты

Атышулы әнші Төреағали Төреәлінің абақтыдан кейінгі алғашқы видеосы шықты. Оны «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев өзінің «Инстаграм» парақшасында жариялады. Айта кетейік, Төреғалиға есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицейлерге бағынбады деген айып тағылып, қамауға алынған еді.

Алматыдағы тойдың бірінде домбырамен көпшілікке арнау айтқан әнші басынан өткен оқиғасын тілге тиек етті.

«... Әнім мен жырым барда жарлы емеспін,

Заңға бағынған адам құл болмайды,

Бауыржан атамыздай нар да емеспін.

Заңдарды бұзуға да зәрлі емеспін,

Кесіп-бүгіп айтатын хан да емеспін.

Сол болған оқиғаны әңгімелеп,

Айт деп қолқа салмады-ау әлден ешкім.

Сабап-сабап қамақтан бір шығарды,

Ақымды алуға да әуре емеспін.

Аман-есен кеп тұрмын алдарыңа,

Жер басып жүрген менен мәңгі емеспін.

Абайды да сабаған қайран жұртым,

Мен Абайдың жанында әулие емеспін».