​«Соқыр көретін, керең еститін, мылқау түсінетін әнші»: белгілі композитор Мақпал Жүнісованы ерекше баға берді

0
2 045

«Заманбек пен Мақпалдың махаббаты» деген аңыз туады»


​«Соқыр көретін, керең еститін, мылқау түсінетін әнші»: белгілі композитор Мақпал Жүнісованы ерекше баға берді

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Сұрауы бар» бағдарламасында Мақпал Жүнісова жайлы ойын айтты.


"Мақпал Жүнісова – тағдырлы әнші. Ол күйеуге тимесе де, Заманбек Нұрқаділовтің әйелі болмаса да «Халық әртісі» атағын алатын еді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанатын еді. Керісінше, Нұрқаділовке күйеуге тимегенде Мақпал Жүнісова Қазақстандағы ең бай әншілердің біреуі болатын еді. Ол қайта Заманбекке тиіп, көп концертке, той-жиындарға бара алмай қалды.


Қазір жұрт Мақпалды Заманбектің арқасында көтерілді, соның арқасында Мемлекеттік сыйлықты алды, «Халық әртісі атанды деп айтып жатыр. Олар қателеседі! Мақпал Алладан әнші боп туған адам. Оның әнін керең естиді, соқыр көреді, мылқау түсінеді" деді композитор.


Ол сондай-ақ, Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың жеке өміріне өз бағасын берді.


"Мақпал Нұрқаділовке барып «мені әйелдікке алшы» деп айтқан жоқ қой. Нұрқаділов оны ұнатып, соңынан жүгіріп, алды. Әрқандай заманда аңыз боп қалатын адамдар болады, «Қыз Жібек пен Төлеген» сияқты. Мына Заманбек пен Мақпалдың махаббаты да болашақта зерттеліп, үлкен жырға айналады деп сенемін. Оны Мақпал көрмей де кетуі мүмкін. Менің де ғұмырым жетпейтін шығар. Бірақ түбінде осы махаббат ел ішінде аңыз боп айтылады. Нұрқаділовтің аты онсыз да тарихта қалды. Мақпал да тарихи тұлға. Бірақ оларды тағдыр қосты, тағы да айтамын, Мақпал - тағдырлы әнші" деді Қалдыбек Құрманәлі.