"Соңғы рет құшағында жатқаным": Анасын еске алған Тоқтар Серіков жұрттың жүрегін елжіретті

0
2 472

Тоқтар Серіков: "Мәңгілік сағынышқа ұласарын сезбеген екем".


Қазақ эстрадасының жұлдызы, белгілі әнші Тоқтар Серіков анасымен түскен соңғы суретін жариялады. Ол өз сөзінде бұл суреттің "соңғы суреті" боларын сезбегенін айтады.

Тоқтар Серіков: "Анаммен соңғы түскен суретім екен. Соңғы рет құшағында жатқанымды, соңғы рет құшақтағанын білмеппін. Осы күні немерісімен таласып тұрып құшақтағам. Мәңгілік сағынышқа ұласарын сезбеген екем. Жаның жәннәта болсын анашым".

Әншінің бұл жазбасын көрген әріптестері мен желі қолданушылары тебіреністерін жасырмай, жылы пікірлерін жарыса жазып жатыр. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев "АЛЛА тағала мейіріміне бөлесін" десе, айтыскер Дидар Қамиев "Алла рақымына алсын!" деп тілеулес екендіктерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік әншінің анасы осыдан екі жыл бұрын өмірден қайтқан еді.