Айтыскер ақын Мұхаммеджан Тазабеков екінші әйел алмауының сырын айтты.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, екінші әйел алмай жүргеніне Кенжеәлі имам ағасының некесін қиюы себеп болған көрінеді. Неке қиғаннан соң берекесін тілеген имам ағасына риза екенін айтты.
"2000 жылы Кенжеәлі имам ағамыз некемізді қиып, отбасы деген үлкен жауапкершілікті мойнымызға артып, берекесін тілеп еді...Аллаға шүкір, жаман болған жоқпыз" деп жазды ол.
Айтыскердің бұл жазбасына оқырмандар ізгі тілектерін жаудырды. "Екі дүниеде де бақытты болыңыздар!", "Алла күш-қуат берсін!" деп жазды.