​«Тәкаппар, бұзық әншіге ұқсағым келмеді»: Жеңіс Ысқақова Нағима Есқалиеваның мінезіне баға берді

0
2 335

«Кино көрсе жылап қалатын нәзік екен ғой»


​«Тәкаппар, бұзық әншіге ұқсағым келмеді»: Жеңіс Ысқақова Нағима Есқалиеваның мінезіне баға берді


Әнші Жеңіс Ысқақова «Инстаграмдағы» парақшасына Нағима Есқалиева туралы жазба жариялады.


«Жас кезімде, сахнаға енді қадам басып жүргенде мені «Ой, сен Нағима Есқалиеваға ұқсайсың» деген кісілерге «Жоқ, мен оған ұқсамаймын!» деп қарсылық білдіретін едім. «Нағима – тәкаппар, кішкене бұзықтау, мен ондай емеспін» деп айтатынмын. Жақын таныса келе, нәкеңнің жүрегінің нәзік екенін, тіпті әділетсіздік көрсе, соған шыдай алмайтынын, тіпті индийское кино көрсе жылап қалатынын көріп, «Ойбуй, сіздің де сыртыңыз батыр болғанымен, ішкі жан дүниеңіз нәзік екен ғой» деп жүрегім жылып, жақсы көре бастадым.


Қазір көрмесем сағынатын боппын, расында екеумізде табиғи ұқсастық бар екен. Сосын екеуміз де Халық әртісі Лаки Кесоглу ұстазымыздың шәкірттеріміз. Жүрген жері мереке, әзілі мен әңгімесі үйлескен Нағима апым Қабдолқызы, жүз жасаңыз!» деді Жеңіс Ысқақова.


Нағима Есқалиева жайды пікірге әншінің тыңдармандары жылы лебіздерін білдірді. «Нағимаға адам жете ме, көзбояушылық жоқ, жақсыны жақсы, жаманды жаман деп бетке айтатыны ұнайды», «Нағима ханым легенда!», «Ренжімеңіздер, шутка ғой, екі тырнасыздар», деп жазды көпшілік.