Танымал тележурналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желіге өзінің студент кезіндегі фото суретін жариялады. Оның ұзын шашы мен мүсінін көрген оқырмандары сұлулығына сан түрлі сипаттамалар жазуда.
Бірі "Неткен табиғи сұлулық" деп таң-тамаша болса, екінші бірі "Түр, келбет өзгергеніне, адамның жанары өзгермейді. Қазір де сондай сұлу, қарапайымсыз" деген пікірлерін жазуда.
Желі оқырмандары тележурналистің шеберлігін де тілге тиек етіп, бағдарламасын үзбей көретіндерін айтқан.