Танымал продюсер, журналист Маржан Сәдуақасова өзінің неліктен және қалай бойы ұзын жігітке тұрмысқа шыққанын айтты. Оның айтуынша, кішкентай кезінде бойының аласалығы үшін ұялатын болған екен. Сол кездерді еске алған журналист, төмендегідей жазба жариялады.
Маржан Сәдуақасова : "НҰРЛАН БОЙЫ 1.80 БОЛМАСА ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАС ПА ЕДІМ (Сұраққажауап)
Мен сол өзімнің темам НИЕТ жайлы тағы айтамын и айта берем. Пока бәріміздің НИЕТІМІЗ түзу болмағанша. Мектепте физра (Д.Ш.) сабағында сапқа тұрамыз. По бою (бойымен) тұру керек. Маған ол ұнамайды. Себебі ең соңында тұруыма тура келеді. Кезекші болсаң ғана повезло, бірінші тұрып рапорт бересің. Сонда бойымның кішкентай болғанына менде комплекс болатын. Жылаған да күндер болды (қаз есіме түссе наоборот күлем). Бірақ физрадан беретін ағайым Ойысов Бауыржан күштііі мұғалім ғой. Мені постоянно Маржан рапорт берсін деп бірінші қоятын, сосын ұзындар басталып, кішкентайлармен аяқталады. Ал маған сот жүрмейді, себебі крышам ағайым. Сөйтіп мен бәрін оңға, солға бастарын бұрғызып, 1-2 санатып, топқа бөлгеніме мәзбін. Ал басқа уақытта ше? Ағайым көмектесе алмайды, басқа кезде қиын. Содан ес білгелі айтатыным "БОЙЫ ҰЗЫН 1.80 ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҒАМЫН И БАЛДАРЫМНЫҢ БӘРІ ӘКЕСІНЕ ҰҚСАСЫН" дейтінмін. Ниет ұрып тұр! Және біріншім ҰЛ болса екен деген арман сонау бесінші кластан келе жатқан, шүкір Алла берді (ОЛ ЖАЙЛЫ ОТДЕЛЬНО ПОСТ). Сөйтіп, жас жиырмадан асты, екі диплом қолда, жұмыс, қыдыру, саяхат, опшым занятпын. Жас кетіп жатыр, қайда барсаң да "КҮЙЕУГЕ ҚАШАН" деген нервыңа тиетін сұрақ. Кіммен таныссам да бойына қараймын (өз бойымда шаруам жоқ) орта бойлы болса да отказ ғой менікі СТРОГО. Құдайдан сол бала тілек 1.80 сұраудан шаршамадым. Шүкір, Нұрекемен танысқанда бірінші бойына болды ғой. Ол сынақтан сразу өтті. Дальше сынып та қалдым өзім)) Оған дейінгі ухажерлардың өтпегені сол БОЙДЫҢ дұғасының қабыл болғанынан ғой.
Айтпағым не?! НИЕТ! НИЕТ еттім де, АМАЛ еттім. Алладан сұрадым, берді! Пожалуйста! Қазір комплекс те жоқ, басқа да жоқ. Нұрекем жанында миниатюрная, дюймовочка боп жүрген жайым бар.
Адам шын қаласа, НИЕТТЕНСЕ, бәрі де болады.
(Өстіп-өстіп Нұрекемен танысу постына да жетем, аз қалды).
Бұл жазбаны оқыған оқырмандары оның сабырлығы мен ақылдылығына тәнті болып, жылы лебіздерін жазуда. Олар "Жолдасыңызға да повезло сіздей сұлу, дана келіншегі бар" деген де ақ ниеттерімен жас отбасыға бақыт тілеуде.