Тазабеков қандай жігіттердің жасы үлкен қызға үйленетінін айтты (видео)

0
1 391

"Өмірдегі көп нәрсеге оңай жеткендіктен, жағдайы бар, атағы шыққан қызбен тағдарын табыстырғысы келіп жатады" - дейді айтыскер.


 Тазабеков қандай жігіттердің жасы үлкен қызға үйленетінін айтты (видео)

Айтыскерлігімен елдің ықыласына бөленген Мұхамеджан Тазабеков қазір инфо-бизнесте өзін көрсетіп жүр. Инстаграм әлеуметтік желісінде өз аудиториясын қалыптастырып, психология, отбасы туралы көптеген ақпараттарымен бөлісіп жүр.

Жақында ол қандай жігіттердің жасы үлкен қызға үйленетіні туралы айтты.

М. Тазабеков: "Кейде жігіттер жасы едәуір үлкен қыздарға үйленгісі келіп жатады. Мен мұның бір екі себебін байқаймын. Біріншіден, жігіт адам анасынының қамқорлығында көп болғандықтан, әйелдердің ортасында мейірім мен махабатты сезінгендіктен, талап ететін емес, мейірім көрсететін адамды тағдырын құрайды. Яғни әйел адамның дайын болғандығы, өмірде көп сынақ көріп, түсіністік деңгейіне келген адамды таңдайды. Екіншіден ұл бала өмірдегі көп нәрсеге оңай жеткендіктен, жағдайы бар, атағы шыққан қызбен тағдарын табыстырғысы келіп жатады" дейді.

Сонымен қатар айтыскер-ақын бұл үрдістің жаман емес екенін айтып, "әуелде Пайғамбарымыз да жағдайы мен атағы бар әйелге үйлену арқылы өзіне де, дініне де қолдау тапқан" деп сөзін түйіндеген.


Мұны көрген оқырмандардың ой-пікірі екіге бөліген. Бірінші тарап, оның айтқандарымен келіспейміз десе, екінші тарап керісінше қолдайтындарын жеткізген.

"Өте дұрыс айтып отыр, жаксы да емес, жаман да емес. Адамның өзіне байланысты. Басын ештеңеге қатырғысы келмейтін жігіттер өзінен үлкен қыздарға үйленеді деп ойлаймын", "Қатып қалған қағида жоқ, қағиданы ойлап табатын адамдардың өздері, бақытты болса болды ғой ең бастысы" деген сияқты бейтарап пікірлер де жоқ емес. Сондай-ақ "Осы тақырыптың есігі ашылды енді скоро жасы кіші жігітке қалай тұрмысқа шығуға болады деген кітап курс ашылып қалу мүмкін" дегенді де айтыпты.