"Тексерудің қорытындысын күтеміз": Тамара Асар өзінің ауруханада екенін айтты

0
1 147

"Қазір ауруханадамын. Жағдайым түскен кезден әлдеқайда жақсы. Шүкір" - дейді әнші.


Белгілі әнші Тамара Асар ауруханаға түсті. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде жазды.

Екі күн бұрын жаңа әнін таныстырған әнші, "Қазір ауруханадамын. Жағдайым түскен кезден әлдеқайда жақсы. Шүкір!" деген еді.

Ал кеше тексерістің нәтижесін күтіп жатқанын айтты.

Көпшілік сүйікті әншілерінің денсаулығы үшін алаңдап, оған қолдау сөздерін аямай білдіріп жатыр. "Сауығып кет, сенің дауысың ерекше ұнайды, шырқай бер жарқырап!", "Тезірек сауығып шығыңыз. Сіздің әрбір әніңіздің өзі әдемі шығармашылық қой. Осылай тек халықты қуанта беріңіз. Деніңіз сау болып жан-жарыңызбен қол ұстасып ұл мен қыздың қызығын көре беріңіз" деп жазды оқырмандары.

Біз де өз кезегімізде әншіге саулық тілейміз.